18 декабря,
05:28
Спасибо за Победу!
← К списку работ

Дариға сол қыз — Кулян Мукановна, Кокшетау,Казахстан

Өңiмде ме едi, түсiмде ме едi

Көрiп ем ғой бiр армандай қызды

Бiр нәзiк сәуле күлiмдеп едi

Сұрапыл соғыс соқты да бұзды


Сапырды дауыл, тебiрендi теңiз

Тулады толқын, шайқалды шың-кұз

Қып-қызыл өрттiң iшiнде жүрмiз

Қайда екен, қайда Дариға, сол қыз?!


Оқ тидi келiп, қайратым кемiп

Барамын сөнiп, келмейдi өлгiм!

Тұрғандай сол қыз жаныма келiп

Талпына бердi қайран жас көңiлiм!


Көрсетпей жүзiн, естiртпей сөзiн

Каһарын төгiп тұр долы соғыс

Арманым бар ма өлсем бiр көрiп

Қайда екен, қайда Дариға, сол қыз?!


"Келмейдi өлгiм, келмейдi өлгiм

Қайратым қайда, келшi осындайда"

Дедiм де тұрдым, жүгiре бердiм

Қолымда найза, шағылып айға


Жеңдiк қой жауды, арман не, құрбым

Күркiреп күндей өттi ғой соғыс

Келемiн қайтып, өлеңiмдi айтып

Қайда екен, қайда Дариға, сол қыз?!

Используя данный сайт, вы даете свое согласие на использование данных Cookies в соответствии с Политикой конфиденциальности и Положением о проведении Фестиваля. ×